Қазақстаннан алғашқы контейнерлік пойыз Сиань портына жөнелтілді

437
Фотосурет: Gov

Қазақстандық терминалдан Сиань портына алғашқы контейнерлік пойыз жолға шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында еліміздің көлік министрі М.Қарабаев контейнерлік пойыздарды жөнелту және өңдеу көлемі бойынша Қытайда бірінші орындағы Сиань қаласының халықаралық құрғақ портына барды.

Құрғақ порт аумағында қуаттылығы жылына 66.5 мың ЖФЭ қазақстандық терминал іске қосылды. Министр кәсіпорын ұжымымен кездесіп, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша қазақстандық терминалдан алғашқы құрама пойыздың жөнелту рәсіміне қатысты.

Сиань қаласына сапарын қорытындылай келе, министр қазақстандық және қытайлық бизнес өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -