ТМД Экономикалық кеңесі өңірдегі кедергісіз сауданы дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті

4202
Фотосурет: Үкіметінің Баспасөз қызметі

ТМД-ның Экономикалық кеңесі кедергісіз сауданы дамыту мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин ТМД-ның Экономикалық кеңесінің 101-ші отырысына қатысты.

ТМД-ның Экономикалық кеңесінің 101-ші отырысына қатысушылар экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Химия өнеркәсібі, қоршаған ортаны қорғау, сақтандыру қызметтері нарығын дамыту саласындағы бірқатар жоба, сондай-ақ ТМД-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Экономикалық даму стратегиясын іске асыру аясындағы құжаттар қаралды.

Достастық елдерінің негізгі мәселелердің бірі кедергісіз сауда болып қала береді. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар қабылданған шешімдердің қатарында жоғары деңгейдегі Жұмыс тобына ТМД-ның Атқарушы комитетімен бірлесіп, өздері әзірлеген ұсынымдарға сәйкес ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара саудасындағы кедергілерді жою жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Биыл ТМД органдарында Ресей Федерациясы төрағалық етуде. Экономикалық кеңестің келесі отырысы 2024 жылғы 21 маусымында Мәскеуде өтеді деп жоспарланған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -