Қазақстан мен Анталья: Инвестициялар және сауда саласындағы байланыстарды арттыру

5247
Фотосурет: Gov

Анталия провинциясымен ынтымақтастық кеңейіп келеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сапиев Анталия провинциясының Губернаторы Хулуси Шахинмен, Ішкі істер департаментінің, Көші-қон департаментінің басшылығымен, сондай-ақ Алания және Денизли қалаларындағы Қазақстанның Құрметті консулдарымен кездесуінде екі елдің өңірлері арасындағы бауырлас қала қатынастарын дамыту мәселелері талқыланды.

Анталия провинциясының Сауда платформалары қауымдастығының төрағасы Рафет Асланмен өткен дөңгелек үстел барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Тікелей диалог форматында болған кездесуде, іс-шараға қатысушылармен Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, инвестиция тарту әдістері мен тәжірибесі және инвестициялық жобаларды жан-жақты қолдау жөнінде пікір алмасылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -