Қазақстан мен Испания білім мен ғылымдағы ынтымақтастықты талқылады

368
Фотосурет: Gov

Мадридте жоғары білім және ғылым саласындағы жаңа көкжиектері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испания университеттері жөніндегі Бас хатшы Хосе Мануэль Пингарронмен келіссөздер жүргізді. Кездесу ү.ж. 17-19 сәуірде өтетін испандық жоғары оқу орындарының Қазақстанға сапары қарсаңында орын алды.

Тараптар екі ел арасындағы жоғары білім саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету үшін алдағы іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, екі мемлекеттің ғылыми орталықтары арасындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, ведомствоаралық және университет аралық келісімдерге қол қою мүмкіндіктері талқыланды. Келіссөздер барысында перспективалы бағыттарда қос диплом бағдарламаларын құру мәселелері де қаралды.

Елші жаңа оқу орындарын құру және басым білім беру мен ғылыми мекемелерін нығайту, сондай-ақ Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өз кезегінде Бас хатшы осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты арттыру үшін елеулі әлеуеттің бар екенін баса айтты. Ол өзара тиімді жобаларды іске асыру, соның ішінде бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында тараптар аталған сапардың қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -