Қазақстан мен Өзбекстан консулдық саладағы ынтымақтастықты талқылады

459
Фотосурет: ҚР СІМ

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Азамат Әубеков пен Өзбекстан Республикасы СІМ Консулдық-құқықтық департаменті басшысының орынбасары Вахит Тұрсыновтың басшылығымен Қазақстан мен Өзбекстанның сыртқы саяси ведомстволары арасында кезекті консулдық консультациялар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Консультациялар барысында тараптар консулдық және көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оның ішінде азаматтық мәселелеріне, сондай-ақ екі ел азаматтарының өзара сапарларының шарттарына ерекше назар аударылды.

Консультациялар соңында тараптар екі елдің құзыретті мекемелері арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілігін растады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -