Қазақстан мен Бавария экономикалық және мәдени ынтымақтастықты тереңдетуде

330
Фотосурет: Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов Бавария федералдық жерінде жұмыс сапарымен болып, Германиядағы ең ірі экономикалық шара – Людвиг Эрхард халықаралық конференциясына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар аясында Бавария федералдық мемлекетінің Премьер-Министрі Маркус Зёдермен кездесу өтіп, оның барысында Қазақстан мен Бавария арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.  Екі жақ та экономикалық және мәдени байланыстарды тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан Елшісі сондай-ақ Баварияның Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі мемлекеттік министрі Эрик Байсвангермен өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері туралы келіссөздер жүргізді.
Тараптар сонымен қатар аймақтық ынтымақтастық тақырыптарын талқылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -