Қазақстан мен Вьетнам: ОТГ аясындағы ынтымақтастық перспективалары

394
Фотосурет: Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігі

Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) жалғасып жатқан төрағалығы аясында Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Қанат Тумыш Вьетнамның солтүстік бөлігінде орналасқан Бак Нинь провинциясына  сапар жасады. Сондай-ақ, сапарға Әзербайжанның Вьетнамдағы Елшісі Шөвги Мехдизаде қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар барысында олар провинция басшылығымен, атап айтқанда, Бакнинь провинциясының Халық комитетінің төрайымы (Бакнинь провинциясының губернаторы) Нгуен Хыоң Жаң ханыммен кездесті және өзара ынтымақтастықтың келешегін жоспарлады.

Қазақстан Елшісі Шығыс Қазақстан облысы мен Бак Нинь провинциясы арасындағы «Бауырластық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қоюды, сондай-ақ осы аймақ Губернаторы орынбасарының 2024 жылғы 23-25 сәуірде Өскеменге сапарын талқылады.

Сонымен қатар Елші Қ. Тумыш, сұхбаттасты Қазақстанның ТМҰ-дағы төрағалығы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, ТМҰ елдерінің Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығымен (АСЕАН) ынтымақтастығын жандандыру және ілгерілету мүмкіндіктерін талқылады. Осы мақсатта тараптар, AСЕАН және ТМҰ арасында Вьетнам-ҚХР-Қазақстан-Әзербайжан-Түркия-Еуропа бағыты бойынша транзиттік-көліктік және мультимодальды-логистикалық әлеуетті барынша дамыту және арттыру үшін «Орта дәлізді» (Транскаспий халықаралық көлік бағыты) пайдалану өте маңызды болады деп келісті.

Өз кезегінде, Нгуен Хыоң Жаң, достас елдеріміз арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды ескере отырып, Қазақстан мен Әзербайжанның бастамаларына жалпы қолдау көрсететінін атап өтті.

Провинция басшылығы, Елшілерді Батыс және Орталық Азияда кең көлемде аталып өтетін Наурыз мейрамымен (жаңа 2024 жылымен) құттықтап, Түркі әлеміне гүлдену мен амандық тіледі.Бак-Нинь провинциясына сапары барысында Елшілер, провинцияның туристік органдарының басшылығымен де кездесіп, жақын арада және орта мерзімді перспективада жүзеге асырылуы тиіс бірлескен жобаларды, атап айтқанда, инвестициялар тартуды көздейтін бастамаларды талқылады.

Сонымен бірге, өткен аптада Солтүстік Вьетнамдағы Хайфоң қаласының Халық комитеті Төрағасының (Әкімінің) шақыруымен Қазақстанның Елшісі Қанат Тумыш, Vietnam Connect Forum 2024 атты халықаралық Форумның пленарлық отырысына қатысты.

Іс-шараға Вьетнамның министрліктері мен ведомстволарының, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, Вьетнамдағы шет елдердің халықаралық ынтымақтастық агенттіктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ шетелдік инвестициялары бар вьетнамдық компаниялар мен шетелдік инвестициялық компаниялардың өкілдерін қосқанда 300-ден астам қонақ болды.

Форум жергілікті және халықаралық серіктестермен, дипломатиялық агенттіктермен және инвесторлармен ынтымақтастық орнатуға бағытталған.

Іс-шараның аясында Қазақстан Республикасының Елшісі қала басшылығымен және Вьетнам Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізді.

Елші, сондай-ақ, өзге де жоғары лауазымды тұлғалармен кездесті. Айталық ол, Вьетнам коммунистік партиясының Орталық комитетінің мүшесі, Вьетнам Премьер-министрінің өнеркәсіп экономикасы, инвестиция, ғылым, білім, мәдениет және әлеуметтік мәселелерін қадағалайтын орынбасары Чан Хоң Ха мырзамен кездесті.

Вице-Премьер 2024 жылы Вьетнамға келетін қазақстандық туристер санының артып келе жатқанын жоғары бағалады. Ол Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режимнің күшіне енуі үшін қажетті барлық ішкі (мемлекетішілік) рәсімдерді вьетнамдық тарап жақын арада аяқтайтынына сендірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -