Жаңа рейс саяхатшыларға есік ашады

311
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Астана – Минералды сулар тікелей әуе рейсі іске қосылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысы аясында Астана – Минералды сулар бағыты бойынша тікелей авиарейсті іске қосу жөнінде уағдаластыққа қол жетті.

Тікелей әуе рейсі екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Рейс сондай-ақ Қазақстан мен Ресей тұрғындарының туристік және іскерлік сапарларына қолайлы мүмкіндікті қамтамасыз ететін болады.

Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен Ресей Федерациясы Кеңесі Федералдық Жиналысы Төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкиннің төрағалық етуімен өткен комиссияның XX отырысында осы мәселені шешу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткенін атап өткен жөн.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -