Қазақстан есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шараларын талқылады

7821
Фотосурет: Gov

 Қазақстан төрағалығымен Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығына (CARICC, Орталық) қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің жыл сайынғы кезекті отырысы өтті. Оған Орталыққа қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері қатысты.

Кеңес отырысы шеңберінде халықаралық есірткіге қарсы күн тәртібінің мәселелері қарастырылды. Тараптар CARICC-пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша үйлестіру және ынтымақтастық жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында 2024-2028 жылдарға арналған CARICC Даму стратегиясы қабылданды және Орталық пен Қытай Халық Республикасының Шэньси университетінің Ауғанстан бойынша зерттеу орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум мақұлданды.

CARICC – Орталық Азиядағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі жалғыз мемлекетаралық құрылым.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -