Қазақстандық балуан Олимпиадаға жолдама алды

1534
Фотосурет: Sabirov Sali / Olympic.kz

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес  түрлерінен Олимпиадаға іріктеу  турнирі аяқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Азия аймақтық іріктеу сынында үлестірілген соңғы жолдамалардың  бірін қазақстандық Әлімхан Сыздықов жеңіп алды 

Грек-рим күресінен 130 келі салмақта сынға түсетін Әлімхан Сыздықов жартылай финалда Қырғызстан өкілі Роман Кимді жеңіп, Париж Олимпиадасының лицензиясын иеленді. 

Бішкектегі турнирде Юрий Мельниченко жаттықтыратын грек-рим құрамасы 3 квота жеңіп алды. Құрама сапынан 60 келідегі Айдос Сұлтанғали, 77 келідегі Демеу Жадыраев және 130 келідегі Әлімхан Сыздықов жолдамаға қол жеткізді. 

Ал 67 және  97 келі салмақтағы соңғы жолдамалар Стамбулдағы әлемдік іріктеу турнирінде сарапқа салынады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -