Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафиннің Пәкістан Ислам Республикасы Ұлттық Ассамблеясының жаңадан тағайындалған Спикері Сардаз Аяз Садыкпен кездесуі өтті.

Е. Қыстафин Пәкістан Спикері Сардаз Аяз Садықты жоғары лауазымға сайлануымен құттықтап, оның басшылығымен Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы парламентаралық диалогты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Парламенттің төменгі палатасының басшысы өз тарапынан Исламабад –Қазақстанды Орталық Азия өңірінің маңызды серіктесі ретінде қарастырады, екі елдің заң шығарушылары деңгейінде өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті екенін айтты.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібі мәселелерін, саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы ынтымақтастық динамикасын талқылады.

Дипломатиялық миссия басшысы ағымдағы екіжақты жобалар туралы хабардар етті, үкіметтік деңгейде шешуді талап ететін мәселелер туралы, орта мерзімді және таяу болашақ перспективада екіжақты және көпжақты форматтар шеңберінде өткізуге жоспарланған іс-шаралар туралы айтты.

Сардар Аяз Садыктың екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін негіз қалаған және 2022 жылғы желтоқсанда Исламабад қаласында комиссияның 11-ші отырысын ұйымдастырған Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы ретіндегі рөлі мен үлесін ерекше атап өтті.

Сұхбаттасушылардың назары өңіраралық өзара іс-қимылды жолға қою контекстінде транзиттік-көліктік және логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту мәселесіне аударылды.

Ержан Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан өңірлер мен континенттерді байланыстыратын хаб ретінде қызмет ете алатынын ерекше атап өтті.

Талқылаудың тағы бір маңызды тақырыбы аймақтағы қауіпсіздік жағдайы, террористік қауіптің өсуі және қабылданып жатқан шаралар болды.

Тараптар екі елдің арнайы және құқық қорғау органдары деңгейінде өзара іс-қимылды жолға қою қажеттігі туралы бірауыздан пікір білдірді, бұл өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша дамуына және әртараптандыруға қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.

Кездесу соңында Ұлттық Ассамблеяның Спикері аталған мәселелердің барлығы Пәкістан Парламентінің ерекше назарында болатынына сендіріп, екіжақты күн тәртібінде туындайтын мәселелерді ілгерілетуге және шешуге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Елші өз тарапынан Сардар Аяз Садыкқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Пәкістан провинцияларының тілдеріне аударылған Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерін» Пәкістан Ұлттық Ассамблея кітапханасының қорына, сондай-ақ алғаш рет шығарылған қазақ-урду тілашар кітабын тапсырды.