Дипломатиялық келіссөздердегі Қазақстан мен Румыния ынтымақтастығының басымдықтары

451
Фотосурет: Gov

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге баса назар аудара отырып, екіжақты және көпжақты бағыттағы саяси байланыстарды белсендіру мәселелері Қазақстанның Румынидағы Елшісі Ерлік Әли мен Румыния Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Ана Тинка арасындағы келіссөздердің негізгі тақырыбы болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан-Румыния серіктестігінің жай-күйі мен келешегін жан-жақты талқылап, тараптардың екіжақты форматта, сондай-ақ Еуропалық одақпен Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім және ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі стратегиясымен аясында да саяси байланыстарды одан әрі дамытуға дайындығының жоғары деңгейін растады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта тараптар екі ел Президенттерінің келіссөздері (қыркүйек 2023 ж.), сыртқы істер министрліктерінің басшылары деңгейіндегі Бухарестке сапарлары (желтоқсан 2023 ж.), көлік (қаңтар 2024 ж.), энергетика және сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-отырысы (ақпан 2024 ж.), мәжіліс пен депутаттар палатасының сыртқы істер комитеттері төрағаларының бейнеконференция арқылы байланыс форматындағы келіссөздері (наурыз 2024 ж.) және энергетика саласындағы Жұмыс тобының отырысы (сәуір 2024ж.) сияқты маңызды оқиғалардың қорытындысы бойынша негізгі келісімдерді жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Қорытындылай келе, cұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -