Қазақстан мен Словакия үкіметаралық комиссияда кездесуге дайындалуда

483
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Словакия сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясының алдағы отырысына дайындық аясында Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Төлежан Барлыбаев Словакия Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Петер Михокпен кездесу өткізді. Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Словакия Үкіметаралық комиссиясының (ҮAК) 10-шы отырысы ағымдағы жылдың қазан айында Астана қаласында өтуі жоспарланған.

Әңгімелесу барысында Т. Барлыбаев екі ел арасындағы сыртқы сауда ынтымақтастығын дамытудағы оң динамикаға тоқталып сыртқы сауда құрылымын кеңейту қажеттілігі туралы хабардар етті. Осыған орай, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Словакияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою ұсынылып, оның жобасы словакиялық тараптың қарауына берілді.

Словакияның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы қазақстандық тараптың бастамасын оң атап өтіп, Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Кездесу нәтижесінде тараптар Словакия делегациясының ҮАК жұмысына қатысуын бірлесіп пысықтау, бизнес-форумды дайындау, сондай-ақ ортақ бизнес-жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы тұрақты ақпарат алмасуды орнату туралы келісімге келді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -