Қазақстан мен Қытай СІМ басшылары ынтымақтастықтың келешегін талқылады

1412
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстан-Қытай сімаралық консультацияларына қатысу үшін Астанаға келген Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сунь Вэйдунмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты, мәдени және гуманитарлық байланыстарды қоса алғанда түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шараларға ерекше назар аударылды.

М.Нұртілеу өзара құрмет, өзара түсіністік және тиімді ынтымақтастық негізінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.

Өз кезегінде ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қытай мен Қазақстан арасындағы достық қатынастарды дамыту мен нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, барлық салаларда ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -