Қазақстан мен Дүниежүзілік Банк Ағынды суларды тазарту стратегиясын әзірлеуде

8426
Фотосурет: Gov

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ ғимаратында Дүниежүзілік банк тобымен кездесу өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Дүниежүзілік банк тобымен бірлесіп «Қазақстан жағдайында тазартылған сарқынды суларды және қалдық тұнбаны қайталама пайдалану саласындағы стратегияны» әзірлеуге арналған жұмыс кездесу өткізді. Бұл жобаны еліміздегі экология мен су ресурстарын тұрақты басқаруды жақсарту мақсатында «Су ресурстары жөніндегі топ 2030» көпжақты платформасы шеңберінде іске асыру жоспарлануда. Осы мақсатта ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі стратегияны әзірлеу мәселелері бойынша Ведомстводан тыс жұмыс тобын құрды.

Дүниежүзілік банк тобы Қазақстанда МЖӘ және инновациялық қаржыландырудың әртүрлі үлгілерін зерделеуді, сарқынды суларды тазарту және қайта пайдалану жөніндегі қызметтің стратегиялық көзқарасы, негізгі бағыттарын және стратегиялық Жол картасын әзірлеуді жоспарлап отыр.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Президент пен Үкіметтің тапсырмасына сәйкес кәріздік тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау және сарқынды суларды қайталама пайдалану бағдарламасын іске асыруда. Қазақстандағы 89 қаланың 70-сінде кәріздік тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау қажет.

Осы бастама аясында тазартылған сарқынды сулар мен қалдық тұнбаларды қайталама пайдалану су арналарының тұрақты дамуына, экономикалық өсуіне және табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған маңызды қадам. Сондай-ақ, қалдық тұнбаны биогаз, тыңайтқыш, құрылыс материалдары және жерді қалпына келтіру үшін пайдалануға болады.

Дүниежүзілік банк тобымен, салалық мемлекеттік органдармен және сала сарапшыларымен бірлесіп ведомстводан тыс жұмыс тобын құру барлық техникалық және реттеуші аспектілерді ескеретін стратегияны әзірлеуге, сондай-ақ осы бағыттағы әлеуетті арттыруға бағытталған.

Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық – инфрақұрылымды жаңғыртуға және экологиялық жағдайды жақсартуға қабілетті маңызды және перспективалы бастама.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев және Дүниежүзілік банк тобы делегациясының басшысы, Су ресурстарын басқару жөніндегі жетекші маман Судипто Саркар мырза жобаның сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді және бұл ынтымақтастықтың Қазақстанның су ресурстарын тұрақты дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -