Қазақстан мен ЭЫДҰ қазіргі заманның экологиялық сын қатерлерін талқылады

2651
Фотосурет: Gov

Астанада ЭЫДҰ қоршаған орта мәселелері жөніндегі директоратының жоба жетекшісі Такеси Като мырзамен кездесу өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әйгерім Қуат құттықтау сөз сөйледі.

Атап айтқанда, ол климаттың өзгеруі, биологиялық әртүрлілікті сақтау, су ресурстарының сарқылуына қарсы күрес қазіргі заманның негізгі жаһандық сын-қатерлері болып табылатынын және орнықты даму үшін маңызды міндеттердің біріне айналатынын атап өтті.

Мәселен, Министрлік осы жылдың мамыр айында ЭЫДҰ әзірлеген NEXUS жол картасын Орталық Азияда энергетикалық, су және жер ресурстарын пайдаланудың жүйелі өзара байланысы саясаты мәселелері бойынша онлайн-режимде талқылады.

Тараптар сондай-ақ Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруды талқылап, мұнда қажетті шарттардың бірі қалың жұртшылық арасында жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыратынын айтылды. Сонымен қатар Арал теңізінің құрғаған түбінде сексеуіл екпелерін құру мен климаттың өзгеруі мәселелеріде қарастырылды.

Соңында тараптар ҚР ЭТРМ мен ЭЫДҰ арасындағы одан әрі нәтижелі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -