Моңғолия Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға үлкен қызығушылық танытуда

14476
Фотосурет: Gov

Моңғолия Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Стратегиялық зерттеулер институтында Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Қойшыбаевтың моңғол ғалымдары мен сарапшыларымен дөңгелек үстел форматында дәстүрлі бейресми кездесуі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында қазақ дипломаты моңғол эксперттік қауымының өкілдерін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбында жасаған Қазақстан халқына жолдауының негізгі мазмұнымен, әлеуметтік-экономикалық салада ҚР Үкіметі алдына қойылған өзекті міндеттермен және мемлекеттің ортамерзімді дамуының кейбір басымдықтарымен таныстырды.

Сонымен бірге Ғ.Қойшыбаев сарапшылармен Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қатынастардың қазіргі жай-күйі мен көкейтесті мәселелерін талқыға салып, екі елдің ықпалдастығының моңғол тарапын қызықтырған тақырыптары бойынша өз ойымен бөлісті.

Бұған қоса, аталған іс-шара аясында Елші Моңғолия Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жаргалсайхан Мэндээмен екіжақты кездесу өткізіп, аталған ғылыми орталықтың қазақстандық әріптестерімен тығыз ықпалдастығын дамыту сұрақтары бойынша пікір алмасты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -