Қазақстан мен Беларусь парламентшілері негізгі салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту туралы уағдаласты

11033
Фотосурет: А.Байжұманов

Нұрлан Бекназаров Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республикалық Кеңесі Тұрақты комитетінің төрағасымен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров Беларусьтің Республика Кеңесі Білім, ғылым, мәдениет және әлеуметтік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Кеңесі және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Парламентаралық комиссиясының тең төрағасы Сергей Сивцпен кездесті.

А.Байжұманов

Тараптар кездесу барысында сауда-экономика, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, құрылыс салаларындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау, мәдениет, цифрландыру және өңірлік өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

А.Байжұманов

«Біздің Парламенттеріміз арасындағы тұрақты диалогты өрістету екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды тетігі деп санаймыз.  Біздің елдеріміз Парламентінің өзге Палаталарындағы әріптестеріміз достық топтары аясында өзара белсенді іс-қимыл жасап келеді. Қазақстан Парламенті Сенаты мен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссияның қызметі біздің байланыстарымызды тереңдетуге жаңа серпін бере алатынына сенімдімін» Нұрлан Бекназаров

А.Байжұманов

Сергей Сивец өз кезегінде Беларусьтің Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтыны және екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті.

А.Байжұманов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -