Қазақстан мен Түркіменстан стратегиялық әріптестікті кеңейту туралы келісті

5060
Фотосурет: Gov

Ашғабатта Қазақстан мен Түрікменстанның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы консультациялар өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Курбановтың қатысуымен саяси консультациялар өтті.

Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік, энергетика, экологиялық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерінің кең ауқымы талқыланды.

Жоғары және аса жоғары деңгейдегі өзара сапарлардың қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ тараптар халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде екі елдің өзара іс-қимылы мәселелері бойынша «сағат теңестірді».

Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында көпжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара бейілділігі аталып өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -