Берлинде діни бостандық пен келісім мәселелері талқыланды

8195
Фотосурет: Gov

40-тан астам елдің өкілдері діни қызметті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Үстіміздегі жылдың 8-10 қазан аралығында Берлин қаласында Германия Үкіметінің IRF Secretariat және LYNC ҮЕҰ-мен бірлесіп ұйымдастыруымен Халықаралық министрлер конференциясы (IRF Ministerial) шеңберіндегі іс-шаралар өтті.

Еуразия құрлығы бойынша панелдік дискуссияда Дін істері комитетінің өкілі Азамат Данахметов елдегі діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.

Сондай-ақ, аталған дискуссияда Грузия, Молдова және Өзбекстан елдерінің мемлекеттік органдары мен діни бірлестіктері өкілдері діни қызмет саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Представители более 40 стран обсудили вопросы обеспечения религиозной деятельности

Іс-шараға 40-тан астам елдің өкілдері қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -