Қазақстан мен Австрия тікелей әуе рейсін іске қосады

6149
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Австрия арасындағы тікелей рейс 2025 жылдың көктемінде іске қосылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің 9-шы отырысын өткізу кезеңінде ҚР Көлік Вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның құрамында СКАТ авиакомпаниясының Вице-президенті Владимир Сытник пен ҚР Австриядағы елшілігінің өкілдері Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесулері өтті.

Кездесулер барысында Қазақстан мен Австрия арасында 2025 жылдың көктеміне жоспарланған СКАТ әуекомпаниясының аптасына 2 рет жиілікпен тікелей рейсін ашу, сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -