Мәскеу қор биржасы KASE акционерлерінің құрамынан шықты

5456
Фотосурет: Reuters

KASE MOEX акционерлердің құрамынан шыққандығы туралы хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE, Биржа) "Мәскеу биржасы" ЖАҚ (бұдан әрі – MOEX) KASE акционерлерінің құрамынан шыққандығы туралы хабарлайды.

11 қазандағы жағдай бойынша KASE акцияларын ұстаушылардың өзекті тізімі Биржаның сайтында жарияланды. Көрсетілген күнге KASE негізгі акционері 47,0 % үлесі бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.

Бұдан басқа, KASE 2018 жылдың 10 қазанында биржалар қол қойған Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге және онымен байланысты келісімдерге негізделген MOEX-пен өзара қарым-қатынастардың тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап MOEX өкілі – Владимир Крекотень өзінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші негізінде KASE Директорлар кеңесінің құрамынан шықты.

KASE биржалық нарықты дамыту, жаңа биржалық өнімдерді енгізу, қазақстандық биржалық нарықтың инвесторлық базасын кеңейту жөніндегі стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған ынтымақтастығы үшін MOEX-ке алғыс білдіреді.

Әріптестік кезеңінде Биржа сауда-клирингтік жүйелерді жаңғыртуды, барлық биржалық нарықтарда орталық контрагенттің қызметтерін енгізуді, жаңа қаржы құралдарымен, атап айтқанда, клирингілік қатысу сертификаттарымен репо сауда-саттықты ашуды және т. б. қоса алғанда, стратегиялық жобаларды іске асырды.

​​​​​​​"Қазақстан қор биржасы" АҚ Орталық Азия өңіріндегі жетекші қор биржасы болып табылады. Бұл корпоративтік және мемлекеттік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары, шетел валюталары, ақша нарығының операциялары - репо және валюталық своп, сондай-ақ туынды құралдар үшін әмбебап сауда-саттық алаңы. KASE халықаралық биржалар Федерациясының (WFE), Еуро-Азия қор биржалары Федерациясының (FEAS) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби бірлестіктердің мүшесі, сондай-ақ БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" - Sustainable Stock Exchanges Initiative бастамасының қатысушысы болып табылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -