Тоқаев корольді испан ұлтының күнімен құттықтады

18810
Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Король VI Фелипені Испанияның ұлттық күнімен құттықтап, Корольдікті іргесі берік, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық сахнадағы беделі жоғары мемлекет ретінде бағалады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық серіктестік уақыт өткен сайын нығайып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтіп, бірлескен күш-жігер арқылы өзара тиімді ынтымақтастық екі ел халқының игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті Испания Королінің барлық игі бастамасына толайым табыс, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -