Бейжіңдегі Концерт композиторлардың достығын еске алу үшін қазақ және қытай мәдениетін біріктірді

12793
Фотосурет: Gov

Қытайда Б.Байқадамов пен Сянь Синхайдың достығын еске алуға арналған концерт өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің қолғабысымен қазақстандық композитор Бақытжан Байқадамов пен қытайлық композитор Сянь Синхайдың достығын еске алуға арналған концерт өтті.

Концертте Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының музыканттары белгілі қазақ дирижері Бейімбет Демеуовтың жетекшілігімен өнер көрсетті. Б.Байқадамовтың «Су тасушы қыз» бен «Домбыра биі», Сянь Синхайдың «Қазақ биі», «Сары өзен туралы кантата», сондай-ақ белгілі қазақ ақындарының және композиторлардың, соның ішінде С.Сейфуллин, С.Бәйтереков және Жаяу Мұса Байжанұлының шығармалары орындалды.

Іс-шара аясында Б.Байқадамов пен Сянь Синьхай ұрпақтарының кездесуі өтті. Олар екі композитордың шынайы достығының тарихымен бөлісе отырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және халықтар арасындағы достықты нығайту үшін бірлескен концерттер өткізуді жалғастыруға ниет білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Сянь Синхай Алматы қаласында Б.Байқадамовтың үйінде тұрып, өзінің ең танымал «Ұлт азаттығы», «Қасиетті соғыс» және т.б. шығармаларын жазды.

Қазақстандық композитор Б.Байқадамов пен қытайлық композитор Сянь Синхайдың достығын еске алуға арналған мәдени іс-шараларды өткізу туралы уағдаластыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы мамырда Қытайға мемлекеттік сапары барысында екі мемлекет басшыларының деңгейінде қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -