Қазақстан мен Таиланд: балық өнімдерін өңдеудегі бірлескен жобалардың болашағы

11902
Фотосурет: Gov

Қазақстан Елшісі Таиландтағы ірі қайта өңдеу зауытымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан мен Таиланд арасындағы келісімдерді жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың тамызында тай делегациясының Астанаға жасаған сапары барысында «Sea Value» тай компаниясы мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ арасында қол жеткізілген келісімдер шеңберінде Қазақстан Елшісі Арман Исетов «Sea Value» компаниясының президенті Поджа Арамваттананонтпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы ынтымақтастық перспективалары мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар талқылауға қазақстандық «Aspan Asia» компаниясының жетекшісі Талгат Сеитов қатысты, ол «Sea Value» компаниясының Қазақстандағы әлеуетті серіктесі ретінде қарастырылуда.

Қазақстан делегациясы консервіленген балық өнімдері мен үй жануарларына арналған тамақ өндіретін өңдеу зауытының өндірістік қуаттарымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін растап, бірлескен жобаларды практикалық жүзеге асыру жоспарларын бекітті.

«Sea Value» компаниясы – Таиландтағы консервіленген тунецтің екінші үлкен өндірушісі, оның өнімдері 150 елге экспортталады. Компанияның Францияда өңдеу кәсіпорны және Нидерландта өкілдігі бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -