Бейжіңде ірі қазақ-қытай инвестициялық жобалары талқыланды

11451
Фотосурет: Gov

Бейжіңде Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастық сұрақтары талқыланды

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев «Shanghai Shanyuhai Investment Group» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Сюн Сюнмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ компанияның тау-кен байыту комбинатын салу жөніндегі жобаға қатысуы мәселелерін талқылады.

Ш.Нұрышев Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістер аясында инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша ҚР Үкіметі қабылдап жатқан шаралармен егжей-тегжейлі таныстырды.

Өз кезегінде Сюн Сюн компанияның ҚХР-дағы қызметі туралы, сондай-ақ Қазақстанда тау-кен байыту комбинатын салу жөніндегі жобаның ағымдағы ахуалы туралы хабардар етіп, сондай-ақ өнеркәсіптік парк, қонақүйлер мен емдеу-сауықтыру орталықтарын салу сияқты жобаларға елімізге инвестициялау мүмкіндігін зерттеуге қызығушылық білдірді.

Тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын анықтау мақсатында жақын арада Қытай компаниясы мен ҚР құзыретті мемлекеттік органдары және ведомстволары арасында келіссөздер ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Shanghai Shanyuhai Investment Group» – 2008 ж. демалыс және денсаулық сақтау саласындағы кәсіпорын ретінде құрылған жеке компания. Компания 9 жыл қатарынан «China National Top 500» құрамына кірді. Компанияның бизнесі жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтау, интернет-ауруханалар, туризм, күтім қызметтері, қаржы секторы, тау-кен өндірісі сияқты салаларды қамтиды. Компания бүкіл әлем бойынша 100-ден астам қонақүйлерге, рекреациялық және медициналық кешендер мен курорттарға иелік етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -