Финляндия Парламенті Қазақстанмен әріптестікті кеңейтуді талқылады

11825
Фотосурет: Gov

Финляндия Парламентінде Қазақстанмен парламентаралық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды

Финляндия Парламентінде Қазақстан Елшісі Азамат Әбдіраимов ФР Парламентінің Халықаралық істер комитетінің төрағасы Киммо Кильюненмен кездесті.

ҚР Елшісі елдегі ауқымды саяси өзгерістер туралы сұхбаттасын хабардар етті, бұл билік тармақтары арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Кездесуде Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастыққа, соның ішінде түрлі салалардағы өзара іс-қимылдың ағымдағы және перспективалық бағыттарына қатысты көптеген мәселелер талқыланды. Тараптар екі елдің парламенттері арасындағы әріптестікті одан әрі тереңдету және диалогты дамыту үшін мүмкін болатын қадамдарды қарастыра отырып, парламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударды. Қазақ дипломаты парламентаралық белсенді өзара іс-қимылды қолдау екіжақты күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылау үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, тығыз ынтымақтастықты жолға қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесу нәтижесінде Қазақстан мен Суоми парламенттік құрылымдары шеңберінде өзара іс-қимылды дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -