Қазақстан мен Ұлыбритания тазарту құрылыстарының инфрақұрылымына инвестицияларды талқылауда

4719
Фотосурет: Gov

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков UK Export Finance (UKEF) бизнесті дамыту және тұтынушылармен байланыс жөніндегі басшысы Вомик Нур Шахпен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұлыбританияның Экспортты қаржыландыру агенттігі негізгі міндеті несиелер, кепілдіктер, сақтандыру және басқа да қолдау түрлерін, соның ішінде кеңес беру арқылы британдық тауарлар мен қызметтер экспортын қолдау және ілгерілету болып табылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Кездесу барысында қатысушылар республика бойынша кәріздік тазарту құрылыстарының жүйелерін жаңғырту жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Тараптар бірлескен жоспарларды іске асыру бойынша нақты қадамдар бойынша ынтымақтастықтың ортақ мақсаттары мен міндеттерін түсінудің маңызды екенін атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша UKEF КТҚ жобаларын іске асырып, қатысуға қызығушылық танытты. Одан бөлек, жобаның құрылымы, инвестордың инвестициялық және операциялық шығындарын қайтару жолдары туралы алдын ала ақпарат алмасу жүргізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -