Испания Қазақстанның адам құқықтарын қорғаудағы жетістіктерін жоғары бағалады

6281
Фотосурет: Gov

Мадридте Қазақстан мен Испания арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігінің Біріккен Ұлттар Ұйымы, халықаралық ұйымдар және адам құқықтары жөніндегі бас директоры Сесилия Роблеспен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар көпжақты дипломатия тұрғысынан өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша «сағаттарды теңестірді».

Елші Қазақстанның халықаралық құрылымдар шеңберінде ілгерілетіп жатқан соңғы бастамалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Д.Мұсаевтың айтуынша, олардың көпшілігін іске асыру үшін өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажет болады.

С.Роблес қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында еліміздің көпжақты алаңдардағы қызметін оң жағынан атап өтті. Испан дипломаты Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктеріне ерекше көңіл аударды.

Тараптар көпжақты бағытта Қазақстан мен Испания арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға негіз болатын диалогты жалғастыру туралы келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -