Қазақстанның саяси реформалары Еуроодақтың назарын аударды

5973
Фотосурет: Gov

Еуродепутат Қазақстандағы реформаларға оң баға берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Еуропалық Парламенттің депутаты Франсиско Хосе Мильяном кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасып, Қазақстанның Еуропалық Парламентпен ынтымақтастығының негізгі мәселелерін талқылады.

Елші еуропарламентарийге Қазақстанда жүргізіліп жатқан соңғы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы мәлімет берді. Қазақ дипломаты сұхбаттасын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Жолдауының негізгі бағыттармен таныстырды.

Өз кезегінде Ф.Мильян Қазақстанның саяси жүйесі қозғалысының плюрализм бағытындағы үдемелі сипатын жоғары бағалады. Еуродепутат ЕО-ның ортақ мүдделеріне сай келетін Қазақстанмен өзара іс-қимылды нығайтуға ұмтылысын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді диалогты жалғастыру мақсатында жұмыс байланыстарын қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -