Сауд Арабиясы компаниялары Қазақстанда өздерінің қатысуын күшейтеді

6402
Фотосурет: Gov

Сауд бизнес капитандары Қазақстанға шақырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Ар-Рияд қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) Бас хатшысы Насер Әбухаймедпен кездесті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды. Осы ретте тараптар соңғы екі жылдағы өзара тауар айналымы өсімінің оң серпін алғанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

М.Меңілбеков Қазақстанның қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап берді. Атап айтқанда, ол отандық және шетелдік кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес-ахуал жасау бойынша ҚР Үкіметі тарапынан қабылданып жатқан шаралармен таныстырып, Сауд Арабиясының кәсіпкерлерін өзара тауар айналымының көлемін арттыру және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.

Өз тарапынан Н.Әбухаймед Қазақстанның Сауд Арабиясы үшін маңызды әріптес екенін, сондай-ақ қазақ тарапының екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі ұсыныстарын толық қолдайтындығын атап өтіп, қазақ-сауд бизнес-топтары арасындағы жаңа байланыстарды кеңейту және жолға қою үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсайтынына сендірді.

Осы тұрғыда қазақ дипломаты сауд бизнес капитандары мен Ар-Рияд қ. СӨП басшылығын 2024 жылғы 1 қарашада Астана қаласында өтетін «Kazakhstan Global Investment Roundtable» (KGIR-2024) іс-шарасына белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар соңғы жылы құрылған Іскерлік кеңестің жұмысын жандандыру бойынша практикалық қадамдарға кірісуге, «B2B» кездесулер түрінде бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға, логистикалық мәселелердің шешімін бірлесіп іздеуді бастауға, екі елде өндірілетін тауарлар номенклатурасымен алмасуға және т.б. уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -