Қазақстан мен Словения серіктестікті кеңейтуге дайындалуда

6985
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Словениядағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі Данияр Сарекенов Словения Республикасы Сыртқы және еуропалық істер министрлігі Дипломатиялық протоколының басшысы Наташа Прахқа сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Кездесу барысында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылап, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да өзара мүдделі салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Қазақ дипломаты Люблянада ҚР Елшілігінің ашылуы Астананың екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту мен тереңдетуге бағытталған ұмтылысын айғақтайтынын атап өтті.

Сондай-ақ Елші 2025 жылы жоспарланған Словения Республикасының Президенті Наташа Пирс Мусардың сапарын Қазақстанда күтуде және бұл сапар екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларына қуатты серпін беріп, екі ел арасындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеретінін мәлімдеді.

Сонымен қатар Д.Сарекенов Қазақстандағы ішкі саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Қазақстанда атом электростанциясын салу жөніндегі референдумның нәтижелері туралы хабардар етті.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Словения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында тығыз байланыста болуға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -