Қазақстан мен ЕО авиациялық ынтымақтастықты арттыруда

5566
Фотосурет: caa_kaz

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастық кеңеюде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Еліміздің делегациясы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің басшылығымен Люксембургте өткен Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық кеңесінің 21-ші отырысына қатысты. 

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалының кейбір аспектілері туралы келісім мәтінінің редакциясына қол қойылды. Қазақстан тарапынан келісімге Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Еуропалық тараптан Еуропалық одақтың көлік және ұтқырлық дирекциясының Халықаралық  авиация жөніндегі саясат офицері Брайан Саймон қол қойды.

Бұл рәсім қол қоюға келісімді дайындау үшін түпкілікті қадам болып табылады және болашақта Қазақстанға тікелей рейстерді ашуда Еуропалық Одақтың барлық елдері үшін құқықтық база болып табылады. Сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы әуе қатынасын дамыту бөлігінде ынтымақтастықты нығайтады.

Қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың 5 елімен (Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия) тікелей әуе қатынасы орнатылды және аптасына 2 қазақстандық және 3 еуропалық әуе компаниямен 34 рейс орындалады. Жаз мезгілінде елдер саны 6-ға (Греция) дейін артады.

Бұл ретте тараптар арасындағы әуе қатынасын кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда. Орта мерзімді перспективада қазақстандық әуекомпаниялар Будапешт, Рига, Вена және Мюнхен қалаларына рейстер ашуды жоспарлап отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -