"Орман бауырластығы-2024": Беларуссиядағы қиын тапсырмалардағы қазақстандық десантшылар

7480
Фотосурет: Gov

Қазақстандық десантшылар халықаралық оқу-жаттығуға қатысу үшін Беларусь еліне жіберілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Беларуссияның "Брест" полигонында "Орман бауырластығы-2024" оқу-жаттығуы басталды. Оған Қазақстаннан ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 50-ге жуық әскери қызметшісі қатысады.

Алматыдан Брестте орналасқан 38-ші Вена қызыл ту десанттық-шабуылдау бригадасына Райымбек батыр атындағы 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері келді.  Оқу-жаттығудың ерекшелігі қазақстандық десантшылар Беларусь әріптестерімен бірге ерекше табиғи-климаттық жағдайларда оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауында.

"Десантшыларға диверсиялық топтарды іздеу, табу және жою міндеті жүктелді. Олар бұндай тапсырмаларды жетуі қиын орманды-батпақты жерлерде, ауқымды су-батпақты жерлерде, бағдарлау қиын жағдайда орындайтын болады" Алматыдағы десанттық-шабуылдау бригадасының штаб бастығы подполковник Асылхан Мұқышев

Салтанатты ашылу рәсімінде оқу-жаттығу жетекшісі полковник Александр Полубинский қатысушыларға қойылған барлық міндеттерді ойдағыдай орындап шығуға тілектес екенін білдірді.

"Барлық міндеттерді орындауға болады деген сенімдемін. Оқу-жаттығу кезінде Қазақстанда осыған дейін қазақтар мен белорустар арасындағы біріккен бөлімшелердің жаттығуындағы бірыңғай міндет атқарған тәжірибе де ескеріледі.  Жаттығудың әр кезеңі барысында барлық қатысушылар кәсібилікті арттыруға машықтанады" Полковник Александр Полубинский 

Беларусь әскери қызметшілері техника мен қару-жарақты көрсете отырып сабақтар өткізді. "Мангал" дрондарынан қорғалған БТР-80 және  Volod V1 минаға қарсы қорғанысы күшейтілген брондалған автомобильге қондырылған жылжымалы байланыс станциясы қызығушылық тудырды. Станцияны қосу және басқару 300 метрге дейінгі қашықтықта іске асырыла береді.

Брест облысындағы "Орман бауырластығы" тактикалық және арнайы оқу-жаттығуы 19 қазанға дейін жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -