ОА елдері Тоқтоғұл су қоймасының жұмыс кестесін әзірледі

4752
Фотосурет: Gov

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су және энергетика ведомстволары келіссөз жүргізді. Тоқтағұл су қоймасының күзгі-қысқы кезеңге арналған алдын ала жұмыс кестесі жасалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ташкентте өткен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының кездесуіне қатысты.

Сондай-ақ, жиынға ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Өзбекстанның Энергетика министрі Журабек Мырзамахмудов, Қырғызстанның Энергетика министрі Таалайбек Ибраев қатысты. Қонақ ретінде Әзірбайжан Энергетика министрінің орынбасары Камал Аббасов қатысты.

Отырыста өңірдегі су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелері қаралды. Cондай-ақ, Қазақстанның оңтүстігіндегі егіс алқаптарын суаруға су алынатын Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасының алдын ала жұмыс кестесі қаралды.

Бұл іс-шаралар 2025 жылдың суару кезеңінде пайдалану үшін Тоқтағұл су қоймасында қажетті су көлемін ұстап тұруға бағытталған.

«Су-энергетика саласы - біздің мемлекеттеріміз үшін ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылады. Биылғы жыл өңірдегі тығыз қарым-қатынасты дамытудың жарқын үлгісі болды. Бірлесіп қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде біз су қажеттіліктерін қанағаттандыра алдық. Бірінші кезекте, Солтүстік Арал теңізіне су жіберу жоспары орындалды. Күзгі-қысқы кезеңнен қауіпсіз өту және келесі жылы шаруаларды суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін қол жеткізілген келісімдерді ұстануды жалғастырамыз» Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -