Қазақстан мен Румыния орта дәліздің дамуын талқылады

4675
Фотосурет: Gov

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев «Констанца порты – Орта дәліздің Еуропалық хабы» конференциясына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

2024 жылғы 15 қазанда Астанада «Констанца порты – Орта дәліздің Еуропалық хабы» конференциясы өтті.
Іс-шара Румынияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Конференцияға ҚР Көлік министрлігінің басшылығы, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы бизнес өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылар Румынияның Констанца портының мүмкіндіктерімен танысып, ынтымақтастықты одан әрі нығайту стратегияларын талқылады.

Румыния Транскаспий халықаралық көлік бағытының одан әрі дамытуда Қазақстанның маңызды серіктесі.

Биылғы жылдың басында «Global Gateway» инвестициялық форумы аясында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Румынияға барып, мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен кездесті.

Тараптар Транскаспий дәлізін заманауи, мультимодальды және жеткізу мерзімі қысқа әрі тиімді маршрутқа айналдыру жолында белсенді жұмыс істеуде.

Нәтижесінде маршрутта жүк тасымалының оң динамикасы байқалады. Мәселен, биылғы жылдың 9 айында жүк тасымалдау көлемі 69 %-ға ұлғайып, 3,4 млн. тоннаны құрады. Сондай-ақ Қытайдан Еуропаға және кері бағыттағы транзиттік контейнерлік тасымалдар 20 есе өсті (24 мың ДФЭ).

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -