Эстония Парламенті Қазақстанмен әріптестікті кеңейтуді қолдайды

3498
Фотосурет: Gov

Эстония Парламенті Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Алтай Көлгінов Эстония Парламентінің (Рийгикогу) Сыртқы істер жөніндегі комиссиясының төрағасы Марко Михкельсонмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және саяси мәселелердің кең ауқымы бойынша екіжақты қатынастарды тереңдету мәселелерін, сондай-ақ парламентаралық байланыстардың жоғары деңгейдегі перспективаларын талқылады.

Тараптар инвестициялар, көлік логистикасы, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы саласындағы айтарлықтай әлеуетті, сондай-ақ орман шаруашылығы мен су пайдалануда әріптестік орнатудың мүмкіндіктерін атап өтті.

А.Көлгінов білім беру саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті, өйткені ел басшылығы Қазақстанның мектептері мен жоғары оқу орындарындағы білім сапасын арттыруға ерекше назар аударады. Осы тұрғыда қазақ дипломаты ҚР бірқатар педагогикалық университеттерінің басшылары мен мектеп директорларының Эстонияға жасаған сапарларының қорытындылары туралы айтып берді.

Өз кезегінде М.Михкельсон Қазақстан Парламентіндегі әріптестерімен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, жақын арада қазақстандық парламентшілермен онлайн-кездесу өткізуді ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -