Грек депутаттары Астанаға барады

3201
Фотосурет: Gov

Астанада Қазақстан мен Грекия парламентаралық достық топтарының отырысы өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Грекия Парламентінің Қазақстанмен достық тобының төрағасы Эвангелос Сиригоспен кездесу өткізді.

Елші сұхбаттасын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мазмұнымен таныстырып, стратегиялық дамудың 9 басым бағытына, соның ішінде атом электр станциясын салу бойынша референдумға ерекше назар аударды.

Е.Баударбек-Қожатаев сондай-ақ екіжақты сауданы әртараптандыруға бағытталған күш-жігерді атап өтіп, 2023 жылы тауар айналымының рекордтық 2,3 млрд АҚШ долларына жеткенін айтты.

Сонымен қатар Грекия Парламентінің депутаты 2024 жылғы қыркүйекте Пирей муниципалитеті делегациясының Ақтау қаласына және 2024 жылғы қазанда Эллинико-Аргируполи муниципалитеті делегациясының Астана қаласына сапарының қорытындылары туралы ақпарат алды.

Кездесу барысында Э.Сиригосқа Қазақстан Парламентінің Грекиямен достық тобының төрағасы Айгүл Құспанның атынан Астанаға ресми сапармен келуге ресми шақыру хаты табыс етілді.

Э.Сиригос шақыруды қабылдап, алдағы уақытта Грекия депутаттарының Қазақстанға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Тараптар сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, Астанада өтетін Қазақстан мен Грекия парламентаралық достық топтарының жоспарланған отырысының күн тәртібін бекітуге келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -