Қазақстан мен Тәжікстан жаһандық алаңдарда бірлескен қадамдарды талқылады

6303
Фотосурет: Gov

Астана мен Душанбе көпжақты ынтымақтастық шеңберіндегі өзара әрекеттесудің өзекті мәселелері бойынша сағат теңестірді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Насредин Исматулломен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықтың оң серпінін қанағаттанушылықпен атап өтті және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Тараптар екі елдің көпжақты платформалар, соның ішінде БҰҰ, АӨСШК, ОАӨСШК және т.б. шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар бірқатар өзекті халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдардың ұқсастығын атап өтіп, екі елдің сыртқы саяси бастамаларын өзара қолдауға қанағаттанушылық білдірді.

Сұхбаттасу соңында У.Төреханов Н.Исматуллоға кездесуі үшін және тәжік тарапының барлық салалардағы қазақ-тәжік қарым-қатынастарын одан әрі нығайтудағы сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға әзірлігі үшін алғысын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -