Еуропа Кеңесі Қазақстандағы саяси реформаларды жоғары бағалады

7326
Фотосурет: Gov

Еуропа Кеңесінде Қазақстанмен перспективалық ынтымақтастықтың бағыттары талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Еуропа кеңесінде (Кеңес) Қазақстанның Страсбургтегі Бас консулы Анель Бақытбекқызының Кеңестің Бас хатшысы Ален Берсемен екіжақты кездесуі өтті.

Кездесу басында қазақ дипломаты А. Берсені Еуропа Кеңесінің жоғары лауазымына сайлануымен құттықтап, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу атынан құттықтау хатын табыстады.

Еуропалық ұйымның басшысы Қазақстан мен Еуропа Кеңесінің екіжақты ынтымақтастығының қазіргі деңгейіне қанағаттанғандығын білдіріп, өзара іс-қимылдың тұрақты өсу серпінін атап өтті. Еліміздің дамуының әсерлі қарқындарды ерекше атап өтті.

Келіссөздер барысында А. Берсеге Қазақстандағы саяси өзгерістер, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының негізгі бағыттары туралы толық ақпарат берді.

Тараптар Қазақстанның Еуропа Кеңесімен өзара іс-қимылының перспективалық бағыттарын талқылады. Қазақстан Кеңестің халықаралық бастамаларын тұрақты түрде қолдайды және тұрақтылыққа, қауіпсіздікке, дамуға және өркендеуге қол жеткізу жағдайлары болып табылатын демократия, адам құқықтары және заң үстемдігі сияқты әмбебап құндылықтармен бөліседі.

Кездесу барысында тараптар кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл шараларын бағалау жөніндегі сарапшылар комитетімен (MONEYVAL), Қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық туралы Еуропалық конвенциялардың қолданылуы жөніндегі сарапшылар комитетімен (PC-OC) тығыз ынтымақтастық орнату, Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияға (Венеция комиссиясы), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (ГРЕКО) қатысу, ЕО-ның ҚР-мен 2024-2027 жылдарға арналған Тату көршілік ынтымақтастығының басымдықтары шеңберіндегі жұмысты күшейту мәселелерін, сондай-ақ еліміздің бірқатар Конвенцияларға қосылу мәселелері жеке талқыланды.

Қазақстандық дипломат мемлекетіміздің ішкі саяси күн тәртібіндегі құқық қорғау векторын нығайту, ұлттық заңнаманы реформалау туралы да баяндады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -