Қазақстан Хорватиямен энергетикалық әріптестікті кеңейтуде

15059
Фотосурет: Gov

Загребте энергетика саласындағы серіктестіктің дамуы талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Ақылбек Камалдинов Қазақстанда геологиялық барлау бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін және Хорватияға энергетикалық шикізат көлемін жеткізілімін ұлғайту перспективаларын талқылау мақсатында Хорватияның «INA» мұнай компаниясы басшылығымен кездесу өткізді.

А. Камалдинов Хорват серіктестерін қазақстандық мұнайдың экспорттық бағыттарын әртараптандыру және Транскаспий бағытын дамыту жөніндегі жұмыстармен таныстырды. Қазақстанның мұнай-химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі басымдықтар, геологиялық барлауға инвестициялар тарту мақсатында үкімет ұсынатын реттеуші және фискалдық преференциялар атап өтілді. Қазақстанның Еуропалық Одаққа энергия ресурстарын жетекші және сенімді жеткізуші ретіндегі рөлі аталып өтті.

«INA» басқарма төрағасы Жужанна Ортутай берілген ақпарат үшін алғысын білдіріп, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін білдірді. Өзара қызығушылық тудыратын перспективалы жобаларды іске асырудың практикалық аспектілерін одан әрі зерделеу мақсатында «ҚазМұнайГаз» қазақстандық компаниясымен жұмыс байланыстарын жалғастырып және келіссөздер жүргізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

«INA» компаниясы мұнай мен газды барлау және өндіру, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін сату саласында өңірде жетекші позицияларды сақтайтын Хорватияның ірі мұнай-газ компаниясы болып табылады. Компания бірқатар еншілес кәсіпорындарға иелік етіп, Хорватия аумағындағы екі ірі мұнай өңдеу зауытын басқарады (Риека қ. және Сисак қ.).

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -