Қазақстан мен Бразилия екіжақты ынтымақтастықты дамытуда

7975
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Бразилия Елшісі Марсель Фортуна Бьятодан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзекті мәселелерді талқылады.

Дипломаттар жоғары және ең жоғары деңгейде байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтіп, 2024 жылғы 9-10 қазанда Порту-Алегри қаласында (Бразилия) өткен Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің үшінші отырысының нәтижелерін қошеметтеді.

Қорытындылай келе, тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара тиімді диалогты дамытуға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -