Қытай мен ШЫҰ тауар биржалары арқылы байланысты нығайтуда

6523
Фотосурет: ШЫҰ

Бейжіңде «Қытай-ШЫҰ тауар биржалары арасындағы ынтымақтастық алаңдары» атты форумы өтті. Іс-шара аясында Шандун провинциясы әкімшілігінің басшылығымен және «Қытай-ШЫҰ» пилоттық аймағының әкімшілік комитетімен кездесулер мен келіссөздер ұйымдастырылды. Қатысушылар Қазақстан Республикасы мен ҚХР қатысушылары арасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) базасында экспорттық-импорттық нарықты дамыту мәселелері мен өзара іс-қимылдардың болашағы туралы талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Форумның негізгі жаңалғы - электрондық коммерция орталығы болып табылатын Қытай сауда министрлігі және «Еуразиялық сауда жүйесі тауар биржасы» Акционерлік қоғамы мен өзге де негізгі серіктестер болып табылатын Азия-Еуропа халықаралық биржасы (AEEX) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды.

Халықаралық байланыстарды нығайту және жаңа нарықтарда бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылып отыр.

«Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 30% - ға артып, 41 млрд АҚШ долларына жетті. Қытай Қазақстан экономикасына шетелдік инвесторлар арасында жетекші орындардың бірін иеленеді және салымдардың жалпы көлемі 24 млрд АҚШ долларынан асады. Біздің ынтымақтастығымыз мұнай-газ, химия, металлургия, агроөнеркәсіп және тау-кен сияқты түрлі секторларды қамтиды. Достастық шеңберінде келешекте күтілетін тауар айналымы 7 млрд АҚШ долларынан асады және ондаған негізгі жобаларды қамтиды» «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасының төрағасы Құрмет Оразаев

Форум «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы, Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасы, Беларусь әмбебап тауар биржасы, Қырғыз қор биржасы, Өзбек республикалық тауар-шикізат биржасы және басқа да жетекші ұйымдар сияқты өңірдің негізгі тауар биржаларының өкілдерін біріктірді.

«Қытай-ШЫҰ» өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастығының пилоттық аймағы «Бір белдеу және бір жол» бастамасы шеңберінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдер арасындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге арналған платформа ретінде құрылғанын атап өту қажет. Бұл халықаралық сауданың, логистиканың, инвестициялық ынтымақтастықтың және технологиялар алмасудың жаңа модельдерін дамытуға бағытталған стратегиялық жоба. Тараптар аймақтық және жаһандық экономикалық байланыстарды күшейте отырып, өнеркәсіптік және көлік тізбектерінің интеграциясын белсенді түрде ілгерілетуде.

ШЫҰ елдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту аясында биыл 4 шілдеде Астанада ШЫҰ саммиті өткенін атап өткен жөн. Онда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға қатысушы елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. 

«Қарқынды жаһандық өзгерістер жағдайында біздің алдымызда ШЫҰ қызметін одан әрі жетілдірудің өзекті міндеті тұр. Ұйымды кеңейтудің жалғасып келе жатқан үдерістері жаңа мүмкіндіктер ашады және оның дамуына серпін береді. ШЫҰ Төрағасы ретінде біздің еліміз ұйымды ынтымақтастықтың одан да тиімді көпжақты тетігіне айналдыру бойынша өзінің ұсыныстарын беретін болады» Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл форум Астанадағы саммитте қойылған стратегиялық мақсаттарды іске асырудағы кезекті қадам болды және ШЫҰ мен ҚХР елдерінің биржалары арасындағы байланысты нығайтады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -