Қазақстан мен АҚШ: әдебиет арқылы байланыстарды нығайту

8041
Фотосурет: Gov

Республика күні қарсаңында Конгресс кітапханасында салтанатты рәсім өтіп, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев Қазақстанның мәдениеті, тарихы мен әдеби мұрасына арналған кітаптар жинағын сыйға тартты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, АҚШ-тың ҚР-дағы бұрынғы елшісі Ричард Хогланд, «Oxus Society» ой-талқы орталығының президенті Эдвард Лэмон және Орталық Азия бойынша басқа да сарапшылар қатысты.

Е. Ашықбаев өз сөзінде кітаптар қашықтыққа қарамастан мәдениеттерді байланыстыратын көпір екенін атап өтті.

«Бұл шығармалар қазақ мәдениетінің, тарихы мен әдебиетінің байлығын білдіреді. Олар Қазақстан мен оның дәстүрлері туралы көбірек білгісі келетін зерттеушілер мен оқырмандарды шабыттандырады деп үміттенеміз» Ержан Ашықбаев

Берілген жинаққа белгілі қазақ жазушыларының еңбектері, сондай-ақ еліміздің әдет-ғұрпы мен мәдени мұрасын бейнелейтін кітаптар кіреді. АҚШ Конгресс кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана бола отырып, Орталық Азия зерттеушілеріне қол жетімді болатын бірегей материалдарды сақтайтын болады.

Рәсімнің маңызды бөлігі «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы әзірлеген алғашқы қазақ-ағылшын Оксфорд сөздігінің тұсаукесері болды. Ұйымның президенті Р. Кенжеханұлы сөздік қазақ тілін үйренушілерге көмектесіп қана қоймай, оның жаһандық лингвистикалық қоғамдастыққа қосылуын қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл халықаралық аренада қазақ тілін насихаттау мен дамыту үшін маңызды қадам.

Конгресс кітапханасының өкілі Қазақстанға жомарт сыйы үшін алғыс білдіріп, бұл кітаптар Орталық Азия зерттеушілері үшін құнды дереккөз болатынын атап өтті. Жинақ халықаралық академиялық қоғамдастық арасында Қазақстан туралы білімді кеңейтуге ықпал ететін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -