Қазақстан ТМД кеңістігіндегі қауіпсіздік бойынша бірқатар ұсыныстар айтты

14641
Фотосурет: Akorda

Мәскеу қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XII кездесуі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Тараптар Достастық кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айтқанда, қазіргі жағдайдағы халықаралық қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен тәуекелдері, ТМД-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ Ауғанстан бойынша өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты.

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы әріптестеріне өңірлік қауіпсіздіктің негізгі бағыттарына қатысты еліміздің ұстанымын хабардар етті және ұлттық мүддені ескере отырып, өзара ықпалдастықты дамыту туралы бірқатар ұсынысын жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -