Каневте БҰҰ бітімгершілеріне арналған халықаралық курс аяқталды

4917
Фотосурет: Gov

Қонаев гарнизонында «БҰҰ бөлімшелерінің жарылыс қаупі бар заттарды залалсыздандыру» халықаралық курсы аяқталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Теориялық және практикалық бөлімнен тұратын сабақ бағдарламасы бітімгерлік бөлімдеріне арналған.

Курстың негізгі мақсаты – БҰҰ бітімгерлік миссияларында бейбіт тұрғындарды қорғау. Оқу барысында командирлер мен штаб офицерлері минадан тазарту бөлімшелері жұмысының құқықтық және жедел негіздерін үйренді.

Курсқа қазақстандық бітімгерлерден бөлек Пәкістан Ислам Республикасы мен Қытай Халық Республикасының әскери қызметшілері қатысты.

Бағдарламаны меңгергеннен кейін қатысушылар емтихан тапсырып, халықаралық сертификаттарға ие болды. Алдағы уақытта минадан тазарту орталығы бітімгерлік контингентін минадан тазарту жеке құрамын даярлау сапасын арттыру үшін БҰҰ аккредиттелген курстар каталогын кеңейтуді жоспарлап отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -