Өзбекстан кәсіпкерлері жапон менеджменті бойынша оқудан өтті

4829
Фотосурет: KazAID

KazAID және JICA Өзбекстан кәсіпкерлері үшін менеджмент бойынша семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі жапондық басқару әдісімен танысуға бағытталған «Кайдзенге кіріспе» атты екі күндік семинар өткізді.

Кайзен —  Жапониядағы менеджменттің негізгі тұжырымдамаларының бірі, ол барлық өндіріс процестерін үздіксіз жақсартуға негізделген. Кайзен тұжырымдамасының негізгі элементтеріне топтық жұмыс, тәртіп, мотивация арқылы моральды сақтау және әртүрлі деңгейдегі қызметкерлер арасында брейнсторм пікір алмасу үшін топтары жатады.

Қазақстаннан спикер ретінде өндіріс жөніндегі кеңесші және Toyota Production System жүйесі бойынша сарапшы Ұлттық волонтерлер желісінен Нұрсұлтан Нұрмұханов сөз сөйлеп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар шағын және орта бизнес өкілдері үшін құнды тәжірибеге айналды, өңірдегі орнықты дамуды нығайтуға ықпал етті және Орталық Азия кәсіпкерлерімен тәжірибе алмасу платформасын құрды.

Бұл семинар KazAID және JICA қолдауының арқасында қатысушылар үшін өтеусіз негізде өткізілді.

KazAID семинарды Жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) бірлесіп, Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығы (KJC) мен Өзбек-жапон адам ресурстарын дамыту орталығы (UJC) қолдауымен ұйымдастырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -