ТМД-ның сегіз елінің қаржы барлау және прокуратуралары қаржылық қылмыстарға қарсы күш біріктіреді

4059
Фотосурет: Gov

Еуразиялық тобына қатысушы елдердің прокурорлары мен қаржылық барлау органдарының өкілдері активтерді қайтару мәселелері бойынша ынтымақтасқық туралы уағдаласты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ағымдағы жылғы 13-14 қараша аралығында Бас Прокурордың орынбасары Ғ.А. Садырбеков және Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің өкілі Минск қаласында (Беларусь) қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің бірлескен форумына қатысты.

Іс-шараның бірегейлігі бір алаңда ЕАТ-қа қатысушы сегіз елдің прокурорлары мен қаржы барлау өкілдерін біріктіруге мүмкіндік берді.

Бас Прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков өз сөзінде форум қатысушыларына прокуратура органдарының Қазақстанның қаржы барлауымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы айтып, активтерді қайтарудың оң тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ қатысушыларға «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның негізгі ережелері мен тетіктері және Комитет жұмысының нәтижелері ұсынылды.

Бұл форум прокуратуралар мен қаржылық барлау өкілдеріне жылыстатуға қарсы бағытталған ұлттық жүйелерінің құқықтық аспектілерімен тәжірибе алмасуға, активтерді, оның ішінде цифрлық валюталарды қайтару мәселелерінде табысты кейстермен бөлісуге мүмкіндік берді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар ҚЖ/ТҚҚ мәселелерінде ұлттық құқықтық базаларды жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру, оның ішінде өзара құқықтық көмек көрсету саласында электрондық өзара іс-қимылдың қорғалған тетігін құру мәселелерін қозғайтын бірлескен мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдер делегацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өтті, онда бірқатар практикалық мәселелер талқыланды.

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту жұмыстары жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -