Үндістан делегациясы қазақстандық әскери орталыққа барды

4510
Фотосурет: Gov

Алматыдағы Бітімгерлік операциялар орталығына Үндістан әскери делегациясы келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қорғаныс министрлігінің мекемесінде Үндістанның Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі полковник Панкадж Кумар Видьяртхи бастаған шетелдік делегация орталықтың қызметімен танысты.

Брифингте орталық өкілдері үнділік әріптестеріне бітімгерлік контингентін дайындаудағы заманауи тәсілдер туралы айтып, шет тілдерін оқыту тәжірибесін бөлісті.

Талқылау барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссиялары шеңберінде елдердің өзара іс-қимылы мен тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жоспарға сәйкес үнді әскерлері Құрлық әскерлерінің әскери институтына және Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтына барады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -