Қазақстан Елшісі Оман Сұлтанына сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман Сұлтаны Хайсам бин Тариққа сенім грамоталарын табыстады.
Қабылдау барысында Қазақстан мен Оман арасындағы байланыстарды әрі қарай нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастықты арттыру, атап айтқанда Қазақстан өнімдерін Парсы Шығанағы елдеріне және басқа өңірлерге жеткізу мақсатында Оманның транзиттік-көліктік әлеуетін барынша тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлді.
А. Тұматов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оман Сұлтанына Қазақстанға өзіне ыңғайлы уақытта келуге шақыруын тағы да қуаттады.